Жақсылыққа жаны құмар азамат

Просмотров: 93   |   Загружено: 2 нд.
iconПодробнее о видео
Ерекше адами және кәсіби қасиетке ие, кез-келген нәрсеге мұқият қарайтын өте жауапты және еліміздің нағыз патриоты еді. Әріптестері жерлесімізді осылай деп еске алады. Глеб Щегельский 1969 жылы Целиноград облысының Степногорск қаласында туған. Мәскеудің Орджоникидзе атындағы Авиация институтының түлегі. Жас маман еңбек жолын Ақтөбе ферроқорытпа зауытында балқытушы, инженер болып бастаған. Кейін мемлекеттік қызметке ауысады. Әр жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Рика ТВ" серіктестігі директорының орынбасары, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Ақтөбе техникалық реттеу және метрология департаментінің директоры болып еңбек еткен. Әлеуметтік сала, экология мәселеренінен бөлек ол футбол жанашыры ретінде есте қалды. Клубты қаржылай демеген меценатардың бірі. 2012 жылдан бесінші сайланған парламент мәжілісінің депутаты, мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің және "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшесі, 2016 жылдан алтыншы сайланған мәжілісінің депутаты, экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы болды. Глеб Щегельскийді көпшілік ақжарқын, қайырымды жан ретінде таниды. Алдына келген әр адамның мұңын тыңдап, көмектесуге тырысқандығын тілге тиек етеді. Айта кетейік, Г.Щегельский 2020 жылдың 17 қазанында 51 жасында кенеттен жүрек талмасынан қайтыс болды.
Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/
Twitter https://twitter.com/rika_kz
Вконтакте https://vk.com/rikatv

Похожие видео


    © 2020 Популярные видеоролики!
Политика конфиденциальности | Правообладателям | Обращение к пользователям
E-mail: videohelp online contact