Үндістанда содырлар туристерге оқ атып, 27 адам көз жұмды. Олардың нақты қай ел азаматтары екені әзірге белгісіз. Тағы 20-ға жуық cаяхатшы жараланған.
Оқиға Пәкістанмен шекаралас жатқан ДжАмму және КашмИр даулы аймағында болған. Оқ атқан қылмыскерлер ізін суытып үлгерді. Олардың не үшін атыс ашқаны әзірге белгісіз. Билік бұл шабуылды лаңкестік әркеті деп атады.